4.02.2021, 9:05
Қараулар: 135
«Nur Otan»-ның сыйлығы

«Nur Otan»-ның сыйлығы

Мичурин бастауыш партия ұйымының мүшелері Жамбыл жалпы білім беретін мектебінде қонақта болып, оларға үстел теннисін сыйлады. Ал аудандық мәслихат депутаты, «Nur Otan» партиясының мүшесі Бекболат Шканов балаларға теннис үстеліне арналған ракеткалар, арнайы тор мен теннис доптарын тарту етті.

Бұндай сыйлықтарға риза болған оқушылар шат-шадыман көңілдерімен бөлісіті, қазір олардың бос уақыттарын тиімді өткізуге тағы бір мүмкіндігі туғанына ата-аналар мен ұстаздар разы.

-Ел болашағы жастар. Олар бос уақыттарын тиімді өткізіп, спортқа жақын болғаны дұрыс. Сол себепті партияластар бірігіп, ауыл балаларына осындай сыйлық жасадық. Елбасы, «Nur Otan» партиясының лидері Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев әр сөзінде салауатты өмір салтын қалыптастырып, дені сау ұрпақ тәрбиелеу керектігіне үлкен мән береді. Бүгінгі сыйымыз жамбылдық бүлдіршіндерді спортпен айналысуға итермелей түседі деген сенімдемін,-дейді аудандық мәслихат депутаты Б.Шканов.

Аружан АМАНЖОЛ,

Бәйтерек ауданы