16.06.2021, 9:25
Қараулар: 40
Арнайы комиссия — Дариянда

Арнайы комиссия — Дариянда

Елі үшін еңбек​ етіп, жанын қиған боздақтар есімі тарих беттерінде алтын әріптермен жазылып қалады. Егемендік жолында тер төгіп, сын сәттерде қайсарлық танытқан боздақтарымыз қуғын-сүргінге ұшырап, жер аударылды, атылды, халық жауы деген жалаға қалды. Біраз ​жылдан соң ақталғандар есімі «Азалы кітапқа» еніп, жыл сайын еліміз​ 31 мамыр күні жазықсыз жапа шеккендерге ​ тағзым етеді. Десе де, әлі күнге дейін деректердің дәлдігі жоқтығынан көптеген арыстарымыз ақталмай келеді.

smart

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрған болатын. Соған сәйкес, ауданда арнайы комиссия құрылып, жұмысын бастады.

Жуырда арнайы топ Дариян ауылында «Саяси қуғын​-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі аймақтық комиссиялардың қызметін ұйымдастыру әдіснамасы» тақырыбында​ ​отырыс өткізді.

​-Саясат салқыны салдарынан жазықсыз жапа шегіп, ауыр айып арқалаған боздақтарымызды ақтау — біздің баба алдында атқарар үлкен еңбегіміз. Өлкетанушы, архив, мұражай қызметкерлері мен ел тарихына қызыққан азаматтардың басын қосып, қуғын-сүргін құрбандары туралы деректерді жинақтау қажет. Ол істі бастап та кеттік,-деді жиынды ашып жүргізген аудан әкімінің орынбасары Ерікқали Бисақаев.

Сонымен қатар Ерікқали Ғұмарұлы осы​ бағыттағы ​жұмысқа волонтерлерді де тарту керетігін қадап айтты.

Кейін сөз алған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұржан Дүзбатыр​ ауданның Приурал аймағында саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары көп екенін айтып, ​қуғынға ұшыраған, бірақ ақталмаған құрбандар мен зардап шеккендер жайлы мәліметтер жинақтау және олардың ұрпақтарын іздестіру жұмыстарын жүргізу керектігіне тоқталды.

Жиынға қатысқан «Арна»​ аудандық әйелдер қоғамының мүшесі Руза Самарцева, аналар кеңесінің мүшесі Рахила Бабақожақызы​ да өз пікірлерін айтып, алдағы уақытта аталған жұмыстарға белсене қатысатындықтарын жеткізді. Сондай-ақ дарияндық өлкентанушылар мен тарихшылар және қарапайым тұрғындар да игі іске көмек көрсетуге әзір деген ойдамыз.

​ Гүлжан​ АЯЗБАЕВА,

Бәйтерек ауданы