29.06.2021, 16:04
Қараулар: 26
Аудан әкімі газет ұжымын құттықтады

Аудан әкімі газет ұжымын құттықтады

Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоқжанов «Ауыл тынысы» қоғамдық-саяси газетінің ұжымын бұқаралық ақпарат құралдарының кәсіби мерекесімен құттықтады. Әкімдік ғимаратында өткен салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Ерікқали Бисақаев пен ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұржан Дүзбатыр және редакция ұжымы қатысты.

-Баршыңызды төл мерекелеріңізбен құттықтаймын. Жаңалықтарды жедел жариялау, оқиғаларды жан-жақты талдау, қоғам мүддесін қорғап, оқырманның көңілінен шыңар газет жасау жолында атқарып жатқан еңбектеріңіз үшін алғыс білдіремін. Мерейлі мереке күні әрқайсысыңыздың отбасыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін! Қаламдарыңыз қарымды, тақырыптарыңыз өткір болсын,-дейді құттықтау өз сөзінде аудан әкімі Марат Тоғжанов.

Жиын соңында БАҚ өкілдеріне алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Аружан АМАНЖОЛ,

Бәйтерек ауданы