16.04.2021, 9:44
Қараулар: 30
Бюро отырысы өтті

Бюро отырысы өтті

«Nur Otan» партиясы Бәйтерек аудандық филиалының Саяси кеңес Бюросының отырысы өтті.

Аудан әкімі «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының төрағасы Марат Тоқжанов төрағалығымен оздырылған отырыста бастауыш партия ұйымдарының есептік-сайлау жиналыстарының, партия филиалының кезекті ХХХ есептік-сайлау конференциясын өткізу кестесін және сайлауады бағдарламасының бағыттары бойынша құрылған қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамын бекіту туралы мәселелер қаралды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша бастауыш партия ұйымдарының есептік-сайлау  жиналысы 19-24 сәуір аралығында  өткізу көздесе, филиальдың есептік-сайлау конференциясын 27 сәуір күні сағат 11:00 онлайн форматта өтетін болды.

Кеңес соңында М.Тоқжанов партия мүшелерін бірлесе жұмыстануға шақырды.

Түгелбай БИСЕН