15.03.2021, 9:20
Қараулар: 49
Бәйтеректе Жаңа имам

Бәйтеректе Жаңа имам

Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоқжанов БҚО Өкіл Имамының орынбасары Бақытжан Құралбайұлын қабылдады.

Кездесу барысында ауданның діни ахуалы талқыланып, жаңа бастамалар мен болашақ жоспарлары сараланды.

Бақытжан Құралбайұлы басшылықтың ұйғарымымен аудандық Жұбан молда мешітінің Бас имамы қызметін атқарған Бағдат Шақаевтың басқа жұмысқа ауысуына байланысты бұл орынға осыған дейін ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілдігінің Жастар ісі секторының жетекшісі қызметін атқарған Бейімбет Дүйсенәлі тағайындалғанын жеткізді.

Дүйсенәлі Бейімбет Жамбылұлы 1991 жылы дүниеге келген.
2010-2013 жж «Астана» медресесінде оқыған.
2013-2016 жж Тәжеден Батырұлы атындағы Орал қалалық мешітінде наиб имам.
2016-2019 жж «Нұр-Мүбәрак» Университетінде оқыған.
2019 ж. Ақтөбе облыстық «Нұрғасыр» мешітінде наиб имам.
2019-2021 жж ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілдігінің Жастар ісі секторының жетекшісі қызметін атқарған.
Бейімбет Жамбылұлының жаңа қызметіне сәттілік тілеген аудан әкімі осы кезге дейін орталық мешітте Бас имам болған Бағдат Русланұлына алғыс білдірді.

Аружан АМАНЖОЛ,
Бәйтерек ауданы