13.07.2021, 9:27
Қараулар: 66
Депутаттық фракция отырысы өтті

Депутаттық фракция отырысы өтті

Бәйтерек аудандық мәслихаттындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының басшысы Бибігүл Ахметжанованың төрағалығымен фракцияның кезекті отырысы өтті. Офлайн-онлайн форматта ұйымдастырылған отырысқа аудандық мәслихат хатшысы Рамазан Исмагулов және фракция мүшелері қатысты.

Жиында фракция басшысы Бибігүл Ахметжанова 2021 жылдың бірінші жартыжылдығына атқарған жұмысы туралы есеп тындалды.

Депутаттық фракция мүшелері сайлаушылардың аманаттарын орындау, олардың мұң-мұқтаждарын шешу бағытында жүйелі жұмыстарды жүргізуде. Осы мақсатта олар бекітілген кестеге сай қоғамдық қабылдаулар өткізіп, тұрғындармен тығыз қарым-қатынаста орнатылуда. Фракция мүшелері өз өкілеттіктер шегінде мүдделі мекеме-ұйымдармен бірлесе отырып тұрғындар тарапынан қойылған мәселелердің оң шешілеуіне барынша атсалысуда.

Жиынды қорытындылаған фракция басшысы осы бағыттағы жұмыстарды атқару үшін депутаттар тиісті атқарушы органдармен тығыз байланыста болуы керек екенін баса айтты.

А. КЕНЖЕШ,

Бәйтерек ауданы