7.04.2021, 9:54
Қараулар: 38
Жалынды жастар-жарқын болашақ

Жалынды жастар-жарқын болашақ

Бәйтерек ауданында «Жалынды жастар-жарқын болашақ» тақырыбындағы жастар кеңесі ұйымдастырылды.

Жастар саясатын дамыту, оларды қоғамдық үдерістерге қосу, сондай-ақ қолдау мен дамыту мақсатында өткізілген кездесуде аудан әкімінің орынбасары Ерікқали Бисақаев қатысты. Ашық пікірталас форматында оздырылған кездесу барысында жастардың көкейіндегі мәселелері тыңдалды.

-Жастар ел болашағы. Кездесуге аудан атын алты қырдан асырған спортшылар да өнерде өзіндік орны бар жандар келіпті. Аудан жастарының атқарған ісі аз емес. Әсіресе, ел қиын жағдайға түскен кезде волонтерлық қызметті ойдағыдай іске асырып, көмекке мұқтаж тұрғындарға қолынан келген қолдауын аямаған қыз-жігіттердің еңбегі ұшан теңіз. Осы алған бағыттарыңнан таймай, ауданның ғана емес, түгел еліміздің дамуына өз үлестеріңді қоса беріңдер. Сіздердей көздерінде от ойнаған жастармен жүздескеніме қуаныштымын,-деді кездесу басында аудан әкімінің орынбасары Ерікқали Бисақаев.

Кейін аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық басшысы Жанар Губаешва сөз алып, биылғы жылдың I тоқсанында атқарылған жұмыстар жайында баяндама жасады.

Шара барысында аудандық «Шың» музыкалық-драма театрының жетекшісі Әліби Амангелдіұлы да өз пікірін білдіріп, театрда атқарылған шараларға тоқталды. Сондай-ақ ол болашақ жоспарларымен де бөлісті.

Кездесуге келген аудандық, республикалық, халықаралық олимпиада жеңімпаздары, спортшылар, елбасы медалінің иегерлері және өнер төңірегінде жүрген жастар өздерін толғандырған өзекті мәселерді көтеріп, ұтымды ұсыныстарын жеткізді.

Аружан АМАНЖОЛ,

Бәйтерек ауданы