6.09.2021, 15:41
Қараулар: 36
Жемқорлықтың алдын алу басты міндет

Жемқорлықтың алдын алу басты міндет

«Nur Otan» партиясы Бәйтерек аудандық филиалы партия жанынан құрылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңесінің отырысы өткізді.

Оған кеңес мүшелері: «Nur Otan» партиясы Бәйтерек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бибигүл Ахметжанова, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Жанар Губашева, «Nur Otan» партиясы филиалының консультанты Асель Сарсанова және аудандық аумақтық инспекциясының қызметкерлері қатысты.

Кеңес отырысында «Nur Otan» партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесінің тарапынан атқарылып келген жұмыстары талқыланып, әдеп кодексіне қайшы әрекетткерді болдырмау және алдын-алу мәселелері сөз болды.

-Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің негізгі бағыты мемлекеттік органдардағы жемқорлық, экономикалық қылмыстың алдын-алу, қоғам ішінде сыбайлас жемқолық мәселелеріне бей-жай қарамау мәдениетін қалыптастыру. Бүгінде жемқорлықты туындыратын себеп-салдарды жою, лауазымын асыра пайдалану сынды құқық бұзушылықтардың алдын-алу бағытындағы істер атқарылып келеді. Сондай-ақ, партиялық бақылауды күшейту мәселесі де қолға алынуда — дейді партияның аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бибигүл Ахметжанова.

Аружан Аманжол,

Бәйтерек ауданы