11.02.2021, 10:06
Қараулар: 78
Жер мәселесі қатаң бақылауда

Жер мәселесі қатаң бақылауда

Бүгінде ауданда жер мәселесі күйіп тұрғаны жасырын емес. 2020 жылғы көрсеткішке сәйкес ауыл шаруашылығы жерлерін мақсаты бойынша пайдаланылмай отырған жалпы көлемі 28,7 мың га құрайтын 21 жер учаскесі анықталған. Қазіргі таңда осы 21 жер учаскесінің сегізі ауданның арнайы жер қорына енгізілді. Олардың жалпы көлемі 3,1 мың га құрайды екен.

-Өткен жылы 13 шаруа қожалығын тексеру жоспарланғанымен, тек «Дамир», «Жаңасай», және «Джафаров» сияқты үш қожалық жерлерін тексере алдық. Олардан анықталған кемшіліктер бойынша нұсқама берілді. Көлемі 25,6 мың га құрайтын 10 жер пайдаланушыға түсінік жұмыстары жүргізіліп, қазір 16,4 мың га жер жыртылып, көктемгі егіске дайындалды. Тексеру жұмыстары енгізілген мораторий алынғаннан кейін жалғасады,-деді әкім.

Былтыр 12 ауылдық округ аумағынан ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу мақсатында жер учаскелерін жалға беру үшін 3 конкурс өткізілген. Қорытындысына сәйкес жалпы көлемі 12,1 мың га құрайтын 28 жер учаскесі 10 жылға жалға беріліпті. Енді конкурс жеңген азаматтар 8,9 мың гектарға жайылым ұйымдастырып, 135 жаңа жұмыс орнын ашатын болса, егістікке берілген 3,2 мың гектар жерде 207 жаңа жұмыс орны болады екен. Жалпы аталған жерлерге 11,3 млрд теңге инвестиция құйылмақ. Тартылған инвестиция ауданда өсімдік және мал шаруашылығын дамытуға ықпал етеді.

-Қазір ауданда жайылым жердің жетіспеушілігі өзекті мәселеге айналды. Оны реттеу мақсатында былтыр Янайкин ауылынан мемлекеттік жер қорынан – 649 га, ауыл шаруашылық құрылымдары басшыларымен келіссөздер жүргізу арқылы Махамбет ауылынан – 249 га, Январцев ауылынан – 1300 га жер ауыл халқының пайдалануы үшін берілді.

Жайылым мәселесінің оң шешілуіне ықпал жасап, түсіністік танытқан шаруашылық басшыларына алғыс білдіремін,-деді жер мәселесі туралы айтқан аудан басшысы.