11.02.2021, 10:37
Қараулар: 124
Кәсіпкерлер көмегі көп

Кәсіпкерлер көмегі көп

2020 жылы ауданда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы жұмыстар «Туған жер», «Ұлы даланың ұлы есімдері», «Дала фольклоры мен музыкасының 1000 жылы», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Ауыл – ел бесігі» бағыттары бойынша жүргізілген.

«Асан-Ауыл» ЖШС директоры Бейбіт Асанов Краснов ауылдық округінен мәдени-спорт кешенін салып берді. Пандемияның халық денсаулығына қаупін төмендету мақсатында аудандық ауруханаға оттегі магистралін орнату, монтаждау, іске қосу жұмысына аудан кәсіпкерлері демеушілік жасаған. «Айдос» шаруа қожалығы өз қаражатына Чапурин елді мекеніне табиғи газ құбырын жеткізген. «Алтын болашақ» шаруа қожалығының басшысы Еркін Насыров Махамбет ауылында балабақша ғимаратын жөндеп, жабдықтау жұмысына атсалысқан. 

Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай «ДулАн» ЖШС директоры Қанат Нәжіметдинов Көшім ауылында жерлес майдангерлер құрметіне ескерткіш тақта орнатты. Янайкин ауылында «Домбыра» және «Қобыз» композициялары орнатылды.

 Жалпы «Рухани жаңғыру» жобаларына жергілікті меценаттар барлығы 226,7 млн теңге қаражат салған.

-2020 жылы аудан тарихын зерделеу мақсатында археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді. Археологтар табылған адам сүйектерінің, сол заманда қолданылған қару-жарақтардың және жерлеу рәсімдерінің орындалуы бойынша біздің заманымызға дейінгі қола, темір, ерте темір дәуіріне тиесілі екендігін айтуда. Археологиялық жұмыстар әлі де зерделеуді қажет етеді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады,-деді аудан әкімі.