23.06.2021, 10:34
Қараулар: 32
Мемлекеттік қызмет — абыройлы міндет

Мемлекеттік қызмет — абыройлы міндет

Бәйтерек ауданында мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты жиын өтті. Ел дамуына бар күш жігерін, өмірін арнаған, мемлекеттік жұмыстың ыстығы мен суығына төзе білген қызметшілердің басы қосылған жиынға аудан әкімі Марат Тоқжанов және «Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің БҚО филиалының төрағасы Серік Сүлеймен арнайы қатысты.

Жиын басында мемлекеттік қызметшілерді келе жатқан мерекелерімен құттықтаған «Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің БҚО филиалының төрағасы Серік Сүлеймен аудан әкімі Марат Тоқжановты «Кәсіподақ қайраткері» медалімен марапаттады.

Сондай-ақ Серік Кенжебекұлы «Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» төрағасы Мирболат Жақыповтың құрмет грамотасымен Махамбет ауылдық округінің әкімі Бейбіт Аманғалиевті, Егіндібұлақ ауылдық округінің әкімі Ринат Ескендіровты және «Қызмет» БҚО мемлекеттік мекеме қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы С.Сүлейменнің құрмет грамотасымен аудан әкімі аппаратының бас маман-есепшісі Иралья Мухинаны марапаттады.

-Мемлекеттік қызметшілер қазақ елінің әл-ауқатын арттыруға бағытталған түрлі жұмысты абыроймен атқарып отырған жандар. Ауданның әлеуметтік және экономикалық тұрғыда алға басуына да олардың тигізіп отырған үлесі көп. Мемлекеттік қызметшілердің жанкешті еңбегінің арқасында біраз белесті бағындыра алдық. Баршаңызды келе жатқан мерекелеріңізбен құттықтай отырып, еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін,-деді жиында сөз алған аудан әкімі Марат Тоқжанов.

Кейін Марат Лұқпанұлы аудан әкімінің орынбасары Мұрат Залмұқанов пен Мичурин ауылдық округі әкімінің орынбасары Ибрагим Жұмағалиевті облыс әкімі Ғали Есқалиевтің алғыс хатымен, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұржан Дүзбатыр мен Рубежин ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Пазиля Аймурзиеваны ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің БҚО бойынша департаменті басшысы Ғалым Тұрсынбаевтың алғыс хатымен марапаттады.

Сондай-ақ жиын барысында ауданның дамуына өзіндік үлесін қоса білген бірқатар мемлекеттік қызметшілер аудан әкімі Марат Тоқжановтың алғыс хатына ие болды.

Түгелбай БИСЕН,

Бәйтерек ауданы