4.05.2021, 10:26
Қараулар: 40
Мәслихат хатшысына құрмет көрсетті

Мәслихат хатшысына құрмет көрсетті

Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоқжанов зейнет жасына жеткен аудандық мәслихат хатшысы Рамазан Исмағұловқа құрмет көрсетті.
Көп жылдар бойы ауданның экономикасы мен мәдениетінің дамып, әлеуеті артуына үлес қосқан Рамазан Тастайұлын Пайғамбар жасына жетуімен құттықтаған аудан басшысы туған күн иесінің иығына шапан жапты.
Сондай-ақ аудандық мәслихат депутаттары да мәслихат хатшысын құттықтап, естелік сыйлық тарту етті.
Өз кезегінде Рамазан Тастайұлы барлық әріптестері мен аудан басшысына ризашылығын білдірді

Түгелбай БИСЕН,

Бәйтерек ауданы