11.02.2021, 10:09
Қараулар: 74
Сумен қамту кезектен түспейді

Сумен қамту кезектен түспейді

Бүгінде аудандағы 68 ауылдың 32 елді мекені таза ауыз сумен қамтылған. Биыл Янайкин, Январцев ауылдарына су құбырын жүргізуге конкурстық жұмыстар басталды. Жоба іске асырылған кезде таза ауыз сумен қамтылған тұрғын саны 52667 мың құрап, сумен қамту көрсеткіші 87,2%-ке жетпек.

Бұдан бөлек Жаңатаң, Рубежин, Дариян, Махамбет ауылдарына су құбырын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалған. Мичурин округі Зеленый елді мекеніне, Көшім округі Өркен елді мекеніне, Мичурин ауылына су құбырын жүргізуге қажетті жобалық құжаттама жасақталуда екен.

-Аудан халқын ауыз сумен қамтумен қатар шаруашылықтар үшін су қорын ысырапсыз пайдалану, табиғи су көздерін сақтау да өте маңызды мәселе. Аудандағы 13 көл және мал суаруға арналған 99 ұсақ тоған бар. Бүгінгі күні Январцев, Трекин, Дарьян және Железнов ауылдарында 5 көлдің аумағы жергілікті кәсіпкерлерге жалға беріліп, демалыс аймақтары құрылды. Олар шомылу, балық аулау және басқа да қызмет түрлерін ұсынатын болады,-деді М.Тоқжанов

Бұдан бөлек, «Коммунальник» мемлекеттік-коммуналдық кәсіпорын теңгеріміндегі 5 су қоймасында инфрақұрылым құруға ниет білдірушілерге конкурстық негізде жалға беру мақсатымен аумақты абаттандыру жоспары жасақталған. Қазіргі таңда Шалғай, Железнов ауылдары аумағындағы істен шыққан су тоғандарын қайта қалпына келтіру, су қорын молайту мақсақсатында Иван Енютин, Мұрат Жәкібаев, Қайыржан Киргенев, Вячеслав Необутов және Владимир Сиротин сынды ірі кәсіпкерлер өз жобаларын жасақтап жатыр екен. Егер бұл іс оңынан болса, су тапшылығы жойылуы мүмкін.