11.02.2021, 9:55
Қараулар: 83
Цифрландыру – заман талабы

Цифрландыру – заман талабы

ХХІ ғасыр – ақпараттық технологиялардың ғасыры. Сондықтан бүгінгінің басты мәселелерінің бірі цифрландыру болып отыр. Бұл жұмыстар да қарқынды жүргізілуде. Аудан әкімінің сөзіне сенсек, күні бүгін ауданның 68 елді мекені толықтай байланыс желісімен қамтамасыз етілген. 2020 жылы Раздольный, Чеботарев, Сұлукөл, Чиров, Кирсанов ауылдарына мобильді интернет қосылыпты. Сондай-ақ тоғыз елді мекенге кең жолақты интернет тартылған.

-Былтыр Белес, Достық, Новенький, Железнов, Зеленый, Калинин, Новенькое, Янайкин, Январцев ауылдарында орналасқан әлеуметтік маңызды мекемелерге кең жолақты интернет жетті. Бұл жұмыстар биыл да жалғасын табады. «Цифрлы Қазақстан» жобасы аясында мемлекеттік-жеке серіктестік арқылы ауданда 7 елді мекенде барлығы 243 бейне бақылау камералары қойылған болатын. Бұл жүйе қоғамдық тәртіпті сақтауда, қылмыстың жолын кесу және ізін ашуда тиімділігін көрсетуде. Биыл Янайкин, Трекин, Достық ауылдарында бейне бақылау камераларын қою жоспарда бар,-деді М.Тоқжанов.