5.03.2021, 15:35
Қараулар: 100
Қауіпсіздік ережелерін сақтау маңызды

Қауіпсіздік ережелерін сақтау маңызды

Газ жүйесінің ақауына байланысты тұрғын үйлерде орын алатын оқыс оқиғаларға жол бермеу және алдын алу мақсатында «Nur Otan» партиясы Бәйтерек аудандық филиалы, «Переметный» БПҰ партиялық бақылау комиссиясымен бірге аудандық газ участкісіне рейд өткізді.

Рейд барысында комиссия мүшелері Батыс Қазақстан өндірістік филиалы Бәйтерек газ участкісінің басшысы Айқанай Кубаева кездесіп жылыту пештерін пайдалану, улы газдың пайда болу себептері, өрт немесе жарылыстың шығуын болдырмау тәсілдері туралы әңгіме өрбітті. Сондай-ақ қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қадағалады.

Бұдан бөлек кездесу барысында участкі директоры ГП типті жанғышы бар жылыту пештерін пайдалану жолдарын түсіндіріп, жағуға дайындық, жағу тәртіптеріне және де тыйым салынған іс-әрекеттерге тоқталып өтті.

-Газдың қауіпті екенін бәрі де біледі, алайда оны үнемі пайдалануға үйренгендіктен, көп адам қауіпсіздік шараларын естен шығарып алады. Тұрмыста табиғи газ адамдардың өміріне қауіп төндірмес үшін пайдалану ережелері мен қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтаған абзал. Бұл ережелермен тұтынушыларды біздің газ шаруашылығы қызметкерлері пәтерлерді немесе жеке үйлерді газ жүйелерін қосу барысында міндетті түрде таныстырады. Сондай-ақ жеке меншік құқығындағы үй және пәтер иелері мамандандырылған ұйыммен уақытында газ жабдығына техникалық қызмет көрсету туралы келісім-шарттар жасауы тиіс,-дейді өз сөзінде Айқынай Маратқызы.

Аружан АМАНЖОЛ

Бәйтерек ауданы