11.02.2021, 10:07
Қараулар: 87
Үй салынып, 9 ауылға газ қосылмақ

Үй салынып, 9 ауылға газ қосылмақ

Ауданда тұрғын үймен қамту – өзекті мәселелер қатарында екенін аудан басшысы өз сөзінде атап өтті. 2013-2018 жылдары ауданда бірде-бір тұрғын үй салынбаған болса, 2019 жылы 23 үй, былтыр 24410 шаршы метр болатын баспана тұрғызылыған. Оның 1576 шаршы метрі бюджет есебінен салынған болса, 22834 шаршы метр үй тұрғындар есебінен бой көтеріпті.

Өткен жылы Калинин ауылында 16 көпбалалы, сегіз әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасына 24 пәтер берілген. Бүгінде 614 азамат тұрғын үй кезегінде тұр. Одан бөлек апатты деп танылған үйлерде тұрып жатқан 23 отбасы бар. Биыл Дариян ауылынан 2 екі қабатты 24 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысын басталатынын да аудан басшысы атап өтті. Сондай-ақ Достық, Үлкен Шаған, Трекин, Махамбет, Переметный, Дариян ауылдарынан 2 екі қабатты 24 пәтерлі үйдің жобалық құжаттары дайындалуда.

Сондай-ақ Марат Лұқпанұлы биыл ауданға қарасты Кирсанов, Ақбидай, Павлов, Ақсу, Горбунов, Мирное, Кіші Шаған, Поливное, Алмалы сияқты елді мекендерге газ өтетінін де айтты. Бұл нысандардың жобалық-сметалық құжаттары толық жасақталған.