1.03.2021, 9:26
Қараулар: 67
«ADAL KOMEK» жобасы жалғасын тапты

«ADAL KOMEK» жобасы жалғасын тапты

 

Тікелей эфир арқылы аудан тұрғындарына осы кезге дейін атқарылған және болашақта атқарылатын жұмыстар жайын баяндайтын бұл бастама биыл да қолға алынды. 2021 жылдың алғашқы эфиріне Бәйтерек аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Радик Ихласов шықты.

Наурыз айында өтетін іс-шаралар жайын баяндаған Радик Мақсотұлы 1 наурыз Алғыс айту күніне орай аудан орталығында орналасқан «Бейбітшілік және келісім» саябағында аудан әкімі Марат Тоқжановтың қатысуымен «Рахмет саған, туған ел» атты іс-шараның өтетінін атап өтті.
-Наурыз айына жоспарланған шаралар барысында пандемия кезінде көзге түскен құқық қорғау органдары, медицина қызметкерлері, еріктілер қозғалысы белсенділері марапатталатын болады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай бастау алған «Қайырымды істер марафоны» жалпы ұлттық жобасы да жалғасын таппақ. Бұдан бөлек 1-23 наурыз аралығында халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамына орайластырылған онлайн челлендждер, қайырымдылық акциялары, дөңгелек үстелдер мен кездесу кештері оздырылатын болады,-дейді Радик Ихласов.
«Adal komek» жобасы аясындағы тікелей эфирлер алдағы уақытта жалғасын таппақ.

Аружан БОЛАТБЕК,

Бәйтерек ауданы