14.05.2021, 11:05
Қараулар: 176
Айт ерекше мереке

Айт ерекше мереке

Бәйтерек ауданы орталығындағы Жұбан молда атындағы мешітте айт мерекесіе орай спорттық сайыстар ұйымдастырылды.

Айт намазынан соң жамағат арқан тарту, қол күресі, гір тасын көтеру сияқты ұлттық спорт түрлерінен бақ сынасты. Қызықты шара жамағатты біріктіріп, елдегі ынтымақтың көрінісіндей болды. Жеңгендер де жеңілгендер де бір-бірін мерекемен құттықтап, жақсы тілектерін айтып жатты.

Сонымен қатар бас имам Бейбіт Дүйсенәлі мешіттен дәріс алып жүрген шәкірттер арасында білім сайысын өткізді. Үздік оқушылар мен спорттық сайыс жеңімпаздары мешіт имамдары мен «Шапағат шамшырағы» қоғамдық бірлестігі ұсынған бағалы сыйлықтарға ие болды.

Түгелбай БИСЕН,

Бәйтерек ауданы