29.12.2021, 13:32
Қараулар: 27
Ауыл кітапханасының ісі ширақ

Ауыл кітапханасының ісі ширақ

«Бәйтерек ауданы орталықтандырылған» кітапханасына қарасты Белес ауылдық кітапханасының меңгерушісі Кенжеғаным Зейноллақн ерекше атап өткім келеді. Ол жастардың патриоттық сезімін ояту мақсатында оқырмандар мен оқушылар бірлесіп біраз шаралар ұйымдастырып келеді.

Біздің азат еліміздің ауыл тұрғындарын саси сауаттандыруда Абай Құнанбаев, Жұбан Молдағалиев, Мұқағали Мақатаев сынды белгілі ақындарымыздың ойымен сөзін күллі әлемге мойындатуда оқырман қауымға насихаттауда көп атұқарып жүр. Жуырдада аудан орталығында өткен « Келін мен ене» сайысына қатысып, екінші орын иеленуімізге де өз септігін тигізді. Қәзіргі заман талабына сай «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында биыл бірнеше онлайн шаралар ұйымдастырды.

Әсіресе, « Әже ертегі оқып берші» атты шарасы көптің көңілінен шықты. Оған ауыл түгел қатысты десек те болады. Халықтың асыл мұрасын бойға сіңіру бүгінгі жас толқынға жеткізу жолында тер төгіп жүрген кітапханашымыз Кенжеғаным Зейноллақызын мақтана айта аламыз. Осындай еңбегімен терең түсінігін «Елге қызмет-абыройлы міндет» деп санайтын Кенжеғанымға әрдайым сәттілік тілеймін.

 

Әлия Кеңесова,

Белес ауылының тұрғыны