3.08.2021, 9:28
Қараулар: 57
Білім алу әр адамның парызы

Білім алу әр адамның парызы

Аудан жастарына қолжетімді ақпаратты жеткізу мақсатында өтетін «LIVE DIOLOGUE» жобасы жалғасуда. Тікелей эфирде өтетін жобаның кезекті шығарылымында діни экстремизмнің алдын-алу, жастардың дін мен дәстүрге дұрыс көзғарасын қалыптастыру жайы сөз болды.

«Білім алу – әрбір мұсылманға парыз» тақырыбында тікелей эфир оздырылған эфирге Нұр-Мүбәрәк Египит ислам мәдениеті университетінің бакалавры, Исламтанушысы Фариза Молдағалиева мен аталаған университеттің ұстазы Айдынгүл Серғазы шықты. Олар білім алудың артықшылығы мен білімінің 4 кезеңі төңірегінде әңгіме өрбітті.

Эфир қонақтары білім алу, діни білім, дүнияу білім жайында кеңінен түсінік беріп, жастардың тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ басқа да мәселелер төңіріегінде баяндады.

«LIVE DIOLOGUE» жобасы алдағы уақытта жалғасын таппақ.

Аружан Аманжол,

Бәйтерек ауданы