7.05.2021, 10:38
Қараулар: 45
Депутат сыйы

Депутат сыйы

Бәйтерек ауданы Рубежка ауылына арнайы барған облыстық маслихат депутаты, кәсіпкер, меценат, «Асфа» ЖШС басшысының сенімді өкілі Надежда Калашникова ауылда тұратын ҰОС ардагер Александр Старцевтың шаңырағына бас сұқты.
Ардагерді Отан қорғаушылар және Жеңіс мерекелерімен құттықтаған өкіл қарияға мерекелік сыйлық тарту етті.
-Жеңіс жолында халқымыздың басынан өткен небір қиындық пен қасірет ерлеріміздің ерлігін тарихқа жазып, халық есінде мәңгілік сақталып қалды. Осы бақытты, шаттық күндерімізді бағалай біліңдер. Өскелең  ұрпақ қиындық көрмей, аман болсын. Мереке қарсаңында елеп сыйлық тарту еткен Иван Енютинге де ризашылығым шексіз,-деді ақсақал.

Гүлжан АЯЗБАЕВА,

Бәйтерек ауданы