2.07.2021, 10:35
Қараулар: 23
Діни сауат ешқашан артық болмайды

Діни сауат ешқашан артық болмайды

Өскелең ұрпаққа тамшыдай болса да дініміздің негізгі қағидаттарын қалыптастырып, рухани тәлім беру мақсатында Бәйтерек ауданы Переметное ауылындағы «Жұбан молда» мешітінің жанынан жазғы сауат ашу лагері ұйымдастырылды.

Маусым айының екісінен 25-не дейін созылған лагері 5-14 жас аралығындағы ұл-қыздарды қабылдады. Оларға араб тілі әліпбиі, тәжуид ережелері, мұлысманның негізгі парыздары, әдеп сабақтары үйретілді. Қызықты демалыс түсрінде өткізілген сабақ қорытындысында бүлдіршіндер Құран Кәрімді дұрыс оқу ережелерін үйренді.

Лагерь жабылған күні оқушыларға Жұбан молда мешіті мен «Шапағат шамшырағы» ҚҚ атынан Құран кітаптары, Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмірбаяны жазылған кітаптар және тәтті сыйлықтар таратылды. Сонымен қатар, балаларға діни бағыт бағдар беріп, белсенділік танытқан ата-аналарға алғыс хаттар табысталды. Алдағы уақытта лагерде болған балалар өз білімдерін мешітке келіп, қосымша сабақ алу арқылы жалғастырмақ.

Діни және дүниелік білімді меңгеріп, екеуін де қатар алып жүрген жанның өзіне ғана емес, айналасындағы адамдарға, отбасына, еліне берері мол болады.

Амантай Бақтығали,

Жұбан молда мешітінің машықкері