29.04.2021, 9:20
Қараулар: 35
Ел бірлігін ту еткен мейрам

Ел бірлігін ту еткен мейрам

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні. Осынау ел өміріндегі аса маңызды мейрам қарсаңында Дариян ауылдық кітапханасы мен балалар модельді кітапхана ұжымы Тасқала ауданындағы балалар кітапханасы және көршілес Самара облысының Озинки муниципалдь балалар кітапханашыларымен бірлескен форум өткізді.

Жиын басында Озинки муниципальды балалар кітапхананасының меңгерушісі Наталья Богацкая қазақ елін осы бір айтулы күнмен құттықтап, екі арасындағы достыққа ешқашан сызат түпесін деген тілегін жеткізді. Әріптесінің құттықтауын Тасқала аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі Елена Мусина да жалғады.

Шара барысында кітапхана оқырмандары қазақ ақын-жазушыларының өлеңдері мен шығармаларынан үзінді оқыса, хореограф Мейрам Сүйіншалиевтің бишілер тобы әдемі биімен көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар №2 балалар саз мектебінің директоры Алла Оторвина ыстық лебізін арнап,оқушылар сазды сәлемдемелерін жолдады.

Форум соңында Дариян модельді кітапханасының меңгерушісі Лидия Саманюк, ауылдық кітапхана меңгерушісі Шолпан Сұлтанғалиева шараға қатысушыларға алғыстарын білдірді.

Гүлжан АЯЗБАЕВА,

Бәйтерек ауданы