13.07.2021, 17:43
Қараулар: 14
Жаз жайнатып, күн күлімдеп

Жаз жайнатып, күн күлімдеп

«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бәйтерек ауданы білім беру бөлімінің «Тәрбие жұмысы орталығы» мемлекеттiк коммуналдық казыналық кәсiпорнының жанындағы Январцев жалпы орта білім беретін мектебі интернатында аудандық-стационарлық лагерлері жұмысын бесінші маусым күні бастады. Елде қалыптасқан жағдайға байланысты демалыс орны тек 30 пайызға толықтырылды.

Қазақстан Республикасы Бас санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 17 қаулысына сәйкес лагерь қызметі барлық шектеу шаралары мен карантин талаптарының қатаң сақталуымен жүзеге асырылуда. Ондағы демалушылар мен ұстаздарға жұмыс басталғанда дейінгі 72 сағат ішінде арнайы зертханалық зерттеудің теріс нәтижесі немесе СОVID – 19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттар берілді.

«Қазақстан балалары – жазды қуанышқа толтырайық!» ұранымен ашылған жазғы демалыс лагері балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында арнайы жасақталған тұжырымдамамен жұмыстануда. Оқу жылы аяқталар шақта аталмыш лагерлерде демалатын оқушылардан тізім жасақталып, мектептерге жолданды. Ол тізім бойынша әр кезеңде демалатын оқушылар белгіленді. Олар жаппай оқу қорынан қамтылды.

Жадыраған жаздың қуаныш пен шаттыққа толы ұмытылмас естеліктері балалардың осындай жазғы демалыс лагерінен бастау алары сөзсіз. Балалардың жазғы тынығу лагерлері әр түрлі болғанмен, олардың мақсаты мен міндеті бірдей. Ол – балаларды тынықтыру, қызықтыру, денсаулығын нығайту, білімін кеңейту және тәрбиелеу.

Лагерьде балалардың демалу жағдайларын жасауға және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді. «Жас Ұлан» лагерінде демалушыларға арналған арнайы ойындар, түрлі жарыстар, тақырыптық іс-шаралар өткізіледі.

Тәрбиешілер әр күнге белгілінген мерекелік іс-шараларды ұйымдастырып, балалардың демалысы қызыққа, қуанышқа толы болуына бар күш-жігерін, өнерлерін жұмсауда. Ал бүлдіршіндер ән айтып, би билеп, өз өнерлерін көрсетуге тырысады. Бір сөзбен айтқанда, әр баланың демалуына барлық жағдайлар жасалған. Демалушылар музыкалық, спорттық, шығармашылық және интеллектуалдық сайыстарға да белсене қатысады. Осылайша лагерьдің әр күні мәнді де сәнді өтіп жатады.

У. САРТАЕВА,

«Жас Ұлан» лагерінің меңгерушісі.