25.03.2021, 9:37
Қараулар: 38
Онлайн наурыз

Онлайн наурыз

Өңірімізде енгізілген шектеу шараларына байланысты Наурыз мерекесін жылдағыдай кең көлемде атап өту мүмкін емес. Десе де ұзынсарыға жеткен елге мерекелік көңіл күй сыйлау мақсатында Ұлыстың ұлы күні келгенін білдіріп, Переметный ауылындағы орталық алаңға киіз үй тігілді. Онда «Наурыз нақыштары» тақырыбындағы көрме қойылды.
Жаңа жылдың жаңа күні — Наурыз тойы келгенін сүйіншілеген ауыл өнерпаздары мерекеден шет қалмай, қазақы дәстүрмен салт ат ауыл ішін аралап, тұрғындарға мерекелік көңіл күй сыйлауға тырысты.

Көпшілік жиналған шараларды өткізуге тыйым салынғандықтан инстаграмм, фейсбук әлеуметтік желілеріне әннен шашу шашқан өнерпаздардың концерттері салынып, халқымыздың ұлы тойы онлайн форматқа көшірілді. Наурыз тойын лайв режимінде өткізіп жатқан бәйтеректік ағайынға Тәуелсіздік құрдастартарының құттықтаулары мен «Дала рухы» тақырыбындағы «Домбыра party» және басқа да қызықты шаралар ұсынылуда.

Түгелбай БИСЕН,

Бәйтерек ауданы