15.03.2021, 16:02
Қараулар: 56
Қазақ даласындағы ислам

Қазақ даласындағы ислам

Бәйтерек аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығың бастауымен ұйымдастырылып келе жатырған «LIVE DIOLOGUE» жобасы аясындағы кезекті тікелей эфирнің тақырыбы «Қазақ даласындағы ислам» болды.

Ресурстық орталықтың теологі Әсет Раманкулов қатысуымен жүргізілген тікелей эфир барысында қазақ даласына ислам діні қалай келді, қалай өрбіді, сондай-ақ ата-бабамыздың дін ұстанымы мен қазіргі кездегі діннің өзгешеліктері тақырыбында сөз қозғалды.

-Тарихи деректерге сүйенсек ислам діні орта Азия елдеріне VII ғасырдың аяғы, VIII басында келе бастаған. Ислам дінінің қазақ жеріне түбегейлі орнығып, тамыр жайюына 751 жылы қазіргі Тараз өңіріні маңындағы Қытай және Араб әскерінің арасында өткен Атлах шайқасы себепкер болған. Бұдан кейін X ғасырдың басында дін халық арасында кеңінен белең алып, халық дінге бет бұрған. Тіпті толығымен қабылдай бастады,-деді Әсет Раманкулов.

«LIVE DIOLOGUE» алдағы уақытта жалғасын таппақ.

Аружан АМАНЖОЛ,

Бәйтерек ауданы