22.04.2021, 9:29
Қараулар: 27
Үздік шәкірттер анықталды

Үздік шәкірттер анықталды

Қасиетті Рамазан айының басталуымен аудан орталығындағы «Жұбан молда» мешіті жанынан араб әліпбиін үйренуші шәкірттер «Мұғалім сәни» кітабын аяқтады. Осыған орай мешіт қызметкерлері мен «Шапағат шамшырағы» қоғамдық бірлестігі әліпби үйренген шәкірттері арасында араб жазуын қатесіз әрі тез оқу сайысын ұйымдастырды.


Оған шәкірттер белсенді қатысты. Өздерінің білімін көрсетуге тырысқан оқушылар барын салды. Сайыста үздік танылған шәкірттерге «Шапағат шамшырағы» қоғамдық бірлестігі ұсынған бағалы сыйлықтар табысталды.

— Алдағы уақытта шәкірттеріміз Құранды дұрыс оқу — тәжуид ережелерін үйренетін болады. Алла Тағала бүлдіршіндеріміздің зейіндерін ашсын. Құран оқып үйренем немесе намаз оқу, фикх бойынша үйренем деушілерге мешітіміздің есігі ашық, — дейді «Жұбан молда» мешітінің наиб имамы Амантай Бақтығали.

Мақсат Рысқалиев,

«Жұбан молда» мешітінің Наиб имамы