21.06.2021, 10:50
Қараулар: 31
Үздік қолөнершілер таңдалды

Үздік қолөнершілер таңдалды

Дариян арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы құрметіне ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрді құрметтеп, қолөнерді насихаттау, қызмет алушыларға қолдау көрсету және олардың мәдени – эстетикалық талғамын арттыру мақсатында «Қолөнер» байқауын ұйымдастырды.

smart

Ұлт өнерін насихаттауға рналған сайысты тамашалауға БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ділдәш Искакова, Дариян ауылдық округінің әкімі Тілек Кәкенов және арнаулы қызмет көрсету орталықтарының мамандары қатысты.

Дарияндағы орталықта жұмыс жасайтын әр маман қызмет алушыларға бар мейірімдерін төгіп отырғанына көзіміз жетіп отыр.Қамкөңіл адамдардың алаңсыз жүруі үшін жасалған жұмыстарыңыздың жемісін көре беріңіздер. Әрдайым қолдан келер көмектерін аямай,олардың қолөнермен айналысуына да барлық жағдай жасап келесіздер. Осыдан бірнеше жыл бұрын республикалық қолөнер сайысында қызмет алушылар екінші орынға қол жеткізген болатын. Облыс көлемінде 13 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы жұмыс жасайды. Арнаулы көмек пен мейірімге құштар жандар бос уақыттарын түрлі үйірмелер мен өздеріне ұнаған істермен шұғылдануда. Арамызда жүрген таланттарды іріктеп, олардың шығармашылық ізденістерін қолдау, дарынды қызмет алушылардың шеберлігін шыңдай түсу үшін осындай сайыстар көбьірек өтуі керек,-деді өз сөзінде БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысының орынбасары Ділдәш Искакова.

Кейін округ әкімі Тілек Кәкенов сөз алып сайыс ұйымдастырушыларына алғысын юілдірді.

Өнер додасына М.Шолохов атындағы мұражай меңгерушісі Антонина пудова, Дариян ауылдық мәдениет үйі жанындағы «Шебер қолдар» үйірмесінің жетекшісі Эльмира Мұхамбетова төрелік етті.

Конкурсқа көздің жауын алатын гоболен,саз балшықтан иленген бұйымдар, жүннен тоқылған киімдер, ағаштан жасалған туындылар мен фетр,бисерден жасалған картиналар ұсынылды. Төрелік еткен жандарға қиын түскен сайыс қорытындысындаОрал арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы үшінші,Казталов арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталғы екінші орынды еншілесе, Ақжайық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету

орталығы үздік деп танылды. Үздік қызмет алушыларға алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.

Бұдан бөлек Казталов ауданынан келген еңбек терапиясының мұғалімі Ғалия Шалакашева «Әжемнің квадрат тоқуы» әдәсі бойынша тоқыма түрінен ақжайықтық арнаулы қызмет көрсету орталығының психологы Әсем Қашқынбаева сабынды гүлден букет жасаудан шеберлік сағаттарын өткізді.

Шара соңында елген қонақтарға ризашылығын білдірген Дариян арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры Дастан Мырзағалиев аталмыш байқауларды жиірек өткізу жоспары бар екенін жетізді.

Гүлжан АЯЗБАЕВА,

Бәйтерек ауданы