15.07.2021, 15:11
Қараулар: 13
LIVE DIOLOGUE жалғасуда

LIVE DIOLOGUE жалғасуда

Бәйтерек жастары «LIVE DIOLOGUE» жобасы аясындағы кезекті тікелей эфир өткізді. Эфир барысында аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының теологі Ерген Құмаров «Құрбан айттың қадірі мен қасиеті» тақырыбында әңгіме өрбітті.

Жастар арасында діни экстремизмнің алдын алу және жастардың дін мен дәстүрге дұрыс көзқарасын қалыптастыру мақсатында өткен тікелей эфирде «Құрбан айт» мейрамының мұсылман қауымы үшін маңызы және тарихы сөз болды.

-Құрбандық үшін малдың үш түрін: түйе, сиыр, қой не болмаса ешкі союға болады. Құс союға болмайды, ал жылқы малы Имам Ағзам жолы бойынша соғыс көлігі саналып, құрбандыққа жатпайды. Құрбандыққа қой мен ешкінің бір жасқа толғаны, түйенің бес, сиыр мен өгіздің екі жастағысы сойылады. Бұлардың дене мүшелері түгел әрі сау болуы шарт. Құрбандық етінің үштен бірі отбасына қалдырылады, екінші жартысы тұрмысы нашар ағайын-туысқа, үшінші бөлігі кембағалдарға таратылады,-дейді теолог Ерген Құмаров.

20 шілде тойданатын мерекенің тарихынан бөлек мүмкіндігі бар мұсылман құрбандыққа не шалатыны жайында да әңгіме өрбіткен теолог оның пайдасы мен сауабы жөнінде де кеңінен айтып берді.

Аружан Аманжол,

Бәйтерек ауданы