22.02.2021, 14:40
Қараулар: 100
LIVE DIOLOGUE жалғасуда

LIVE DIOLOGUE жалғасуда

Аудан жастарын кез-келген бағытта қолжетімді ақпараттандыру мақсатында өтетін «LIVE DIOLOGUE» жобасы жалғасын табуда. Жоба шеңберіндегі кезекті тікелей эфирге шыққан Бәйтерек аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының теолог маманы Әсет Раманкулов аудан жастары мен тұрғындарға «Дін мен дәстүрдің сабақтастығы» тақырыбында ойын жеткізді.

Эфир барысында Әсет Исламбекұлы дін мен дәстүрдің айырмашылығы мен өзара сабақтастығы төңірегінде әңгіме өрбітті.

-Дін — әр адамның ұстанатын сенім-нанымы, Алланың алдындағы мінәжаты болса, дәстүр деп әр ұлттың ата-бабадан қалған салтын айтады. Енді сол дін және дәстүр деген егіз ұғымдардың ұштасуын айтар болсақ, бұның тарихы совет үкіметі кезенін бастау алады. Ислам діні біздің елімізге келген кезде, билік ықпалымен дінге қойылған тыйым салдарынан дін дәстүр арқылы, мақал-мәтелдеріміз арқылы мұсылмандардың жүрегіне жол тапқан болатын. Оған «бөлінгенді бөрі жейді» деген хадисті, ата-бабаларымыз қазақтың мақалы ретінде қолданғаны мысал бола алады,-деп түсінік береді өз сөзінде теолог маман.

Эфир барысында жастар дін турасында сұрақтарын қойып, жауаптарын ала алды.

Аружан АМАНЖОЛ,

Бәйтерек ауданы