25.08.2021, 16:25
Қараулар: 40
Ардагерлер үздіктер қатарында

Ардагерлер үздіктер қатарында

Орал қаласында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған облыстық ардагерлер спартакиадасы өтуде. Өңірдің үздік ардагер спортшылары жиналған доданың алғашқы күні жүлде таласына волейболшылар араласты. Сырлы аяқтың сыры кетсе де, сыны кетпейтінін көрсеткен ардагер спортшылардың өнері көпке ұнады. Жастық шағын еске алысып, үздік ойындарын көрсеткен волейболшылар арасында Бәйтерек ауданының ардагерлері де болды. Өз тобындағы барлық ойынды ұтқан бәйтеректік шеберлер финалда Бөрлі ауданының командасына жолықты. Тартысты кездесу бөрлілік волейболшылардың жеңісімен аяқталды.
-Облыс спартакиадасындағы екінші орын жаман көрсеткіш емес. Ойыншылар көп күшті топтық кезеңде жұмсап қойды. Жалықпай жаттығатын болсақ, алда өтетін ардагерлер арасындағы турнирлерде жүлде алуға болады. Ең бастысы, аудан намысын қолдан бермеді, -дейді Бәйтерек спорт клубының басшысы Максим Үмбетқалиев.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы