23.08.2021, 10:42
Қараулар: 41
Ата заң құрметіне арналған жарыс

Ата заң құрметіне арналған жарыс

Бәйтерек ауданы Мичурин ауылында ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Конституция күні мерекесіне арналған шағын футболдан ашық турнир өтті. Округ әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған жарысқа ауданның бірнеше ауылынан келген командалар қатысты.
Қорытындысында үшінші орын Трекин ауылының футболшыларына, екінші орын алаң иелері — Мичурин командасына бұйырса, дарияндық аяқдоп шеберлері бірінші орынды қанжығалады.
Жарыс барысында шебер ойын көрсетіп, командасын алға сүйреген Бекжан Аманов «Үздік қақпашы», Тілекжан Мәлік «Үздік қорғаушы»,  Наурызбек Ақтаев «Үздік шабуылшы» аталымдарына ие болса, Азамат Ситалиев турнирдің «Үздік ойыншысы» атанды.
-Турнир өткізудегі басты мақсатымыз — салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастардың спортқа, әсіресе футбол ойынына деген қызығушылығын арттыру, -дейді Мичурин ауылдық округінің әкімі Максим Мусалимов.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы