21.06.2021, 10:46
Қараулар: 23
Аяқдоп додасы өтті

Аяқдоп додасы өтті

Бәйтерек ауданы Егіндібұлақ ауылында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған футбол жарыс ұйымдастырылды.

Салауатты өмір салтын қалыптастырып, ауыл жастары арасында футбол ойынын насихаттауды мақсат еткен жарысқа мектеп ұжымы, түрлі мекеме жұмысшылары мен жастардан құралған командалар қатысты. Аяқдоп жарысын ауылдық клуб меңгерушісі Алтынханым Өтеғалиева ұйымдастырса, дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Замир Сукпусунов пен Дамир Сайлауов төрелік етті.

Қызықты матчтар көпшіліктіңкөңілінен шықты. Достықты ту еткен ойындардың қорытындысында үздік ойыншылар мен жеңімпаз командаға мақтау қағаздары табыс етілді.

Мерует ЕШНИЯЗОВА,

Бәйтерек ауданы,

Егіндібұлақ ауылы