23.08.2021, 10:41
Қараулар: 38
Ақсайлық қыз ел чемпионы атынды

Ақсайлық қыз ел чемпионы атынды

Щучинск қаласында жазғы шаңғы жарысынан жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтуде.
Жарыстың алғашқы күні кіші топтағы қыздар өзара мықтыны анықтады. Еліміздің әр аймағынан келген бұрымды жас шаңғышылар жарысының қорытындысында ақсайлық Мадина Жақсылықова бірінші орын иеленді. Жас бапкер Ислам Сагиналиевтің қол астында жаттығатын Мадинаның алар асуы әлі алда деген сенімдеміз.
-Жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Ел чемпионатында өнер көрсетуге мүмкіндік берген облыстық спорт басқармасы басшысы Қаймен Есендияров пен шаңғы жарысы федерациясы президенті Ерікқали Бисақаевқа, Бөрлі ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Армат Исановқа барша спортшылар атынан ризашылығымызды білдіреміз, -дейді шаңғы жарысынан облыстың жастар мен жасөспірімдер құрамасының аға бапкері Серік Хайруллин.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы