18.02.2021, 9:24
Қараулар: 109
Боксшы ұл бабында

Боксшы ұл бабында

Жуырда Орал қаласындағы Данияр Елеусінов атындағы бокс орталығында бокстан Қазақстан Республикасының «Батыс» аймақтық чемпионаты оздырылды.

КСРО спорт шебері Жанболат Тұрсынғалиұлы Катауовты еске алуға арналған жарысқа 2007-2008 жылғы жасөспірімдер боксшылар қатысты. Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау және ринг иелері Батыс Қазақстан облысының 200-ге жуық боксшысы бақ сынасқан шаршы алаң бәсекесінде Бәйтерек ауданына қарасты Достық ауылында Ербол Сарбасовтың қол астында жаттығатын Әзіретәлі Егізбаев та өз бағын сынап көрді. 58 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Әзретәлі жарыс қорытындысында II орынға ие болды. Енді ол ел чемпионатында өңір намысын қорғайтын болады.

-Бұл жарысқа екі боксшы алып келіп едім. Бір спортшым аяқ астынан ауырып қалды. Ал екінші шәкіртім финалға дейін жетті. Әзіретәлі өзінің барлық жекпе-жегін айқын басымдықпен ұтты. Ал соғы бәсекесінде жолы болмады. Бірінші орынға да лайықты болған еді. Бірақ бұл сәтсіздік бізді шыңдай түседі. Алда жіберген қателіктерімізді саралап, дайындығымызды үдете түсеміз,-дейді бапкер Ербол Сарбасов.

Аружан БОЛАТБЕК,

Бәйтерек ауданы