9.08.2021, 15:12
Қараулар: 41
Бүлдіршіндер Нұрисламға жанкүйер болды

Бүлдіршіндер Нұрисламға жанкүйер болды

Бәйтерек ауданы, Январцев ауылында орналасқан бұрынғы балалар үйінің жанынан құрылған «Жас Ұлан» жазғы лагерінің демалушылары Токиода өтіп жатқан олимпиада ойындарында ел намысын қорғап жатқан спортшыларымызды қолдау білдірді. Олар әр атлетке арналған суреттер салып, лагер ішін олипиада ауылына айналдырды.

Таң атысымен еркін күрес шебері Нұрислам Санаевтың белдесуін қараған бүлдіршіндер отандасына жанкүйерлік етіп, жеңісін бірге тойлады. Сондай-ақ байдарка мен каноеде сынға түскен Маргарита Торлопова мен наталья Сергеевағға да қолдауларын білдірді. Соңғы екі қызымыздың жеңілісі де балалардың көңіл-күйін түсірмеді. Өйткені оларға мұғалімдері ел үшін жан таласқан спортшылардың бәсекесіне жанкүйер болуға рұқсат етті.

Сондай-ақ боксшы Қамшыбек Қоңқабаевқа да қолдауын аямаған лагерь демалушылары құрама капитанының жеңілісіне өкініштерін білдірді.

Шара барысында тәрбиешілер демалушыларға биылғы олимпиаданың алғаш жүлдесін алып берген дзюдошы Елдос Сіметов, ауыр атлет Зульфия Чиншанло және Игорь Сон туралы мағлұматтар беріп, білімдрін тлықтырды.

Кейін балалар волейбол жәнен дойбы ойындарында өзара мықтыны анықтады.

Арал Болпышұлы,

Бәйтерек ауданы