26.04.2021, 13:32
Қараулар: 25
«Бәйтерек барысы» анықталды

«Бәйтерек барысы» анықталды

ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен даңқты палуан Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына арналған ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін өтетін қазақ күресінен ересектер арасындағы «Қазақстан барысы» турниріне іріктеу жарыстары өтуде.

Ауданда қалыптасқан күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты биыл «Бәйтерек барысы» іріктеу турнирі емес, оқу-жаттығу жиыны қорытындысында анықталды.

Ауданның үздік палуандарының жиыны нәтижесінде Чиров ауылынан келген Темірлан Батырбаев – үшінші, рубежиндік Вадим Скоробогатов екінші орын иеленсе, дарияндық Ерлан Мұсағалиев үздік деп танылды.

Оқу-жаттығу жиыны соңында үздік палуандарды аудан әкімі Марат Тоқжанов пен аудандық қазақ күресі федерациясының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Нұрлыбек Хайруллин марапаттады.

Енді Ерлан Мұсағалиев аудан намысын «Қазақстан барысы» турнирінің облыстық кезеңінде қорғайтын болады.

Түгелбай Бисен