24.05.2021, 16:19
Қараулар: 19
Волейбол достықты нығайтады

Волейбол достықты нығайтады

Бәйтерек ауданы Погодаев ауылындағы мәдени-спорттық кешенінде ауданның үздік волейбол командалары жиналып, жолдастық кездесу өткізді.

Жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырып, волейбол ойынына деген қызығушылықты арттыру мақсатында оздырылған кездесуге Переметный, Янайкин, Краснов ауылдық округтері мен Асан елді мекенінің комадалары келді.

Қызықты кездесулер қорытындысында барлық ұжымжы тізе бүктірген янайкиндіктер мықтылық танытса, Асан ауылының волейболшылары екінші, красновтық ойыншылар үшінші орын иеленді.

Командасын алға сүйреп үздік ойын өрнегін көрсеткен М.Мақсұтов «Үздік тосқауыл қоюшы», Р.Төлеуов «Үздік байланыстырушы», А. Шиналиев «Үздік шабуылшы» атанса, С.Гришин «Үздік ойыншы» атағын иеленді.

Спортшылардың бабын жоғалтпай, ауылдар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында бұндай жолдастық ойындар жиі өтіп тұратын болады.

Түгелбай БИСЕН,

Бәйтерек ауданы