11.08.2021, 10:18
Қараулар: 49
Екі палуан ел чемпионатына барады

Екі палуан ел чемпионатына барады

Оралда самбо күресінен 2005-2006 жылдары туған палуандар арасында облыс біріншілігі өтті. Қыркүйек айында Ақсай қаласында өтетін қазақстан чемпионатына іріктеу болғандықтан, бұл жарысқа өңіріміздің кіл мықты спортшылары келді.

Аталған байрақты бәсекеге бәйтерек ауданы атынан қатысқан жас боз кілем шеберлері жақсы нәтиже көрсетті. Атап айтар болсақ, 88 келіде боз кілемге шыққан Әлихан Сариев екінші орын иеленсе, 71 келіде күрескен Ғалымжан Ерғашев облыс чемпионы атанды.

Енді дарияндық қос палуан Қазақстан чемпионатында облыс намысын қорғайтын болады.

-Шәкірттерімнің көрсеткен өнері көңілден шықты. Ел чемпионатында да барымызды салатын боламыз. Бізде тынығып, арқаны кеңге салар уақыт жоқ. Алдымызда үлкен жарыс тұр. Сондықтан дайындықты бүгіннен бастауымыз керек,-дейді бапкер Наурызбек Сәпиев.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы