2.05.2021, 10:11
Қараулар: 32
Жарастың жүйріктері алдынғы қатарда

Жарастың жүйріктері алдынғы қатарда

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай Орал қаласында жүгіру спортын серік еткендер арасында жарыс өтті.

Орал қалалық спорт бөлімінің ұйытқы болуымен ұйымдастырылған желаяқтар бәсекесінің қорытындысында бұрымды жүйріктер сынында екі бірдей бәйтеректік спортшы үздіктер қатарында болды.

Олар: үшінші орын иеленген Ляззат Төлепбергенова және жарыс жеңімпазы атанған Наталья Панова. Январцев ауылында білікті бапкер Жарас Айтуаровтың қол астында жаттығатын спортшылар осыған дейін де жақсы нәтижелерімен аудан жанкүйерлерін талай қауантқан.

Бұдан бөлек, спортшылардың бапкері Жарас Айтуаров та жарыс жолына шықты. 10 шақырымға жүгірген ол жеңіс тұғырының екінші сатысына жайғасты.

Жарыс жеңімпазы мен жүлдегерлерін қалалық спорт бөлімінің басшысы​ Артур Шерғалиев марапаттады.

Түгелбай БИСЕН,

Бәйтерек ауданы