19.04.2021, 14:54
Қараулар: 32
Жарас екінші келді

Жарас екінші келді

Жуырда Орал қаласындағы демалыс саябағында желаяқтар жарысы өтті. Облысымыздың Орал және Ақсай қалалары мен аудандарынан және көршілес Атырау облысынан келген атлеттер жарысы тартысты өтті.

Отыздан астам жүйрік бақ сынаған жарыс жолына бәйтеректік Жарас Айтуаров та шықты.

Он шақырым жолды 35 минут 8 секундта аяқтаған Жарас екінші орынға табан тіреді. Ол бірінші орын иегері Баубек Ильясовке 4 секунд қана ұтылды.

Көктемгі жүгіру сайысының жеңімпазы мен жүлдегерлері БҚО Қазақстан халқы ассамблеясының волонтерлары мен «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы ұсынған бағалы сыйлықтарға ие болды.

Түгелбай БИСЕН,

Бәйтерек ауданы