9.05.2021, 10:44
Қараулар: 32
«Жеңіс кубогінің» күміс жүлдесі Бәйтеректе

«Жеңіс кубогінің» күміс жүлдесі Бәйтеректе

Орал қаласында футболдан «Жеңіс кубогі» турнирі өтті. Облыстың ең үздік командалары бақ сынайтын дәстүрлі аяқдоп мерекесіне бәйтеректік «Шаңырақ-Дос» командасы да қатысты.

Оралдық «Смарт» және «Ақжайық 1997» командаларын қапы қалдырған Бәйтерек ауданының ұжымы финалдық бәсекеде облыс орталығының ең үздік футбол командаларының бірі «Желаев наны» ұжымымен бақ сынасты.

Тартысқа толы кездесудің алғашқы минуттарында бәйтеректік ұжым басымдық танытқанымен шеберлігі шыңдалған оралдықтар тайм соңында қарсылас қателігін тамаша пайдаланып, бірнеше гол соқты. Ойынның екінші жарысында қорғанысқа мықты көңіл бөлген «Желаев наны» командасы турнир жеңімпазы атанды.

Футбол жарысының салтанатты жабылуында үздік ойын өрнегін көрсеткен «Шаңырақ-Дос» командасының ойыншысы Алмат Қажғалиев «Үздік қорғаушы» аталымына ие болса, бәйтеректік команданың тағы бір ойыншысы Сергей Пустабаев «Үздік ойыншы» атанды.

Түгелбай БИСЕН,

Бәйтерек ауданы