31.05.2021, 17:00
Қараулар: 14
Жүргізушілер командасы жеңімпаз

Жүргізушілер командасы жеңімпаз

Дариня ауылында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған мекемеаралық футбол жарысы өтті. Ауыл әкімінің ауыспалы кубогі сарапқа слынған аяқдоп додасына алты команда қатысты.

smart

Жарыстың ашылу салтанатында Дариян ауылдық округінің әкімі Тілек Кәкенов жарысқа қатысушыларды құттықтап, тек бабы мен бағы қатар шапқан шын мықтылар ғана жеңіске жетсін деген тілегін білдірсе, спорт ардагерлері Самат Жексенғалиев пен Гүлбаршын Әбельбасова жастар арасында салауатты өмір салытн қалыптастыру бағытында қолға алынған осындай шаралар жалғасын таба берсін деген ұсынысын жеткізді.

Кейін ауыл жастарының көшбасшысы Мәрзия Кунусбаева волонтерлық қызметте өзін жақсы қырынан көрсете білген Ербол Талғатұлы, Еламан Русланұлы, Шыңғыс Бердіғалиев, Асан Бигалиев, Әлихан Сариев сияқты азаматтарды аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Жанар Губашеваның атынан алғыс хаттарымен марапаттады.

Ал тартысқа толы өткен жарыс қорытындысына келер болсақ, Абай мектеп – гимназия – интернатының командасы үшінші, Приурал ішік істер бөлімінің командасы екінші орын иеленсе, бірінші орынды иеленген ауыл таксишілерінің командасын әкімнің ауыспалы кубогінің алғашқы иегерлері атанды.

Доп додасы барысында барысында үздік ойынмен танылған Өтеген Жұмашев «Үздік қақпашы», Ернұр Шәкен «Үздік қорғаушы», Фарид Сапиев «Үздік шабуылшы», Темірлан Өтешев «Үздік ойыншы» атағын еншіледі. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге мақтау қағаздар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Гүлжан АЯЗБАЕВА,

Бәйтерек ауданы