18.08.2021, 9:21
Қараулар: 47
Жұдырықты жігіттер жарап тұр

Жұдырықты жігіттер жарап тұр

«Ақ бидай» ауыл спорты ойындары аяқталды. Соңғылардың бірі болып кикбокс шеберлері өнер көрсетті. Орал қаласында өткен іріктеу бәсекелеріне Бәйтерек кикбоксшылары да қатысты. Нәтижесі де жаман емес.

Шаршы алаңға көтерілген Нұрбол Тынышбаев 51 келіде үшінші орын иеленсе, 91 келіден жоғары кикбоксшылар бәсекесінде бақ сынаған Төлеген Мендалиев үшінші орынды қанағат тұтты.

Бұдан бөлек, 63,5 келі спортшылар бәсекесінде өнер көрсеткен Нұрхат Ғали мен 57 келі тартатын спортшылар сынына шыққан Айдын Аманғалиев финалда сүрініп, екінші орын иеленді.

-Жалпы аудан спортшылары жаман өнер көрсетпеді. Азамат Сүлейменов және Дастан Ғұбайдуллин сынды шәкірттерім төртінші орын алып қалды. Көрсеткіш жаман емес. Бірақ жақсарту жолында еңбектенуіміз керек,-дейді кикбокс шеберлерін жарысқа дайындаған бапкер Манарбек Кенжеғалиев.

Осылайша тәп-тәуір өнер көрсеткен аудан спортшылары жалпыкомандалық есепте төртінші орынға орнықты.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы