16.08.2021, 16:42
Қараулар: 45
Көпсайысшылар жүлделі оралды

Көпсайысшылар жүлделі оралды

Орал қаласындағы Петр Атоян атындағы стадионда жазғы президенттік көпсайыстан «Ақ бидай» ауыл спорты ойындарының обылстық кезеңі өтті. Тәуелсіздік тойының 30 жылдығымен қатар өтіп жатқан байрақты бәсеке қызыққа толы болды. Өңіріміздің мықты деген көпсайысшыларының басы қосылған жарыста бәйтеректік спортшылар намысты қолдан бермеді.

Көпсайыста өнер көрсеткен бәйтеректік Виталий Бырко мен Ақкенже Таубаева екінші орын иеленсе, Ляззат Төлепбергенова, Ақылбек Қабдолмәжит және Жарас Айтуаров спартакиада жеңімпазы атанды.

Ал жылпыкомандалық есепке келер болсақ, аудан ұжымы үшінші орынға тұрақтады.

-Президенттік көпсайыс ауданда жақсы жолға қойылған. Әсіресе Ақылбек Қабдолмәжит пен Ляззат Төлепбергенова сынды жас спортшылардың өнері қуантты. Енді үздік спортшыларымыз қыркүйек айында Ақтау қаласында өтетін спартакиаданың республикалық кезеңінде өнер көрсететін болады,-дейді Бәйтерек спорт клубының басшысы Максим Үмбетқалиев.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы