9.08.2021, 15:58
Қараулар: 52
Облыста үшінші

Облыста үшінші

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық тойымен қатар өтіп жатырған «Ақ бидай» ауыл спорты ойындарының облыстық кезеңдері басталды. Пандемия кесірінен өңіріміздің әр ауданында өтіп жатқан спорт бәсекелерінің біразы қорытындыланды. Орал қаласында өткен шағын фут жарысында бәйтеректік ойыншылар төртінші орыннан көрінсе, ауданның тоғызқұмалақ шеберлері алтыншы орынға тұрақтады.

Сонымен қатар үстел тенисінің шеберлері де мықтыны анықтады. Облыстың барлық ауданының командалары атсалысқан жарыс тартысқа толы болды. Нәтижесінде Бәйтерек ауданының намысын қорғаған ойыншылар жалпыкомандалық үшінші орынға тұрақтады.

Қызықты ойындар нәтижесінде жекелей өнер көрсеткен Татьяна Тюрина әйелдер арасындағы сында үшінші орын иеленсе, ерер арасындағы жекелей бәсекенің көркін қыздырған Николай Штык алтыншы орынды қанағат тұтты.

Одан бөлек теннисшілер командалық бәсекеде де сынға түсті. Бұл ойындар қорытындысында ерлер төртінші орын иеленсе, әйелдер құрамасы үшінші орынға орнықты.

-Жалпы үстел теннисі бәсекелері жақсы ұйымдастырылды. Нәтиже көңіл қуантарлық. Ерлеріміз де соңына дейін таласты. Бірақ сәттілік жетіспеді. Біздің команданың бір мүшесі облыс құрамасына үміткер атанды. Ол да қуанарлық жағдай,-дейді команда жетекшісі Руслан Мурзағалиев.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы