29.12.2021, 12:42
Қараулар: 29
Облыстық жарыстан жүлделі оралды

Облыстық жарыстан жүлделі оралды

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Орал қаласында дзюдо күресінен 2011-2012 жылғы жасөспірімдер арасында облыстық ашық турнир оздырылды.

Бұқаралық спортты дамытып, өңір жастарын салауатты өмір салтын ұстануға шақыру және дзюдо күресіне деген қызуғышылықты арттыру мақсатында ұйымдастырылған турнирге облыстың түкпір түкпірінен келген жас спортшылар қатысты.

Аталмыш жарыстан Бәйтеректік спортшылар да жүлделі оралды. Атап айтар болсақ, 42 келі салмақ дәрежесінде белдесуге шыққан Давид Бойко турнирдің қола жүлдегері атанды.

Фарид Сапиев жаттықтырған дарияндық жас спортшы аудандық деңгейде өз салмағы бойынша топ жарып, аталмыш жарыста намысты қолдан бермеді.

-Жарысқа жалпы бес бала алып бардым. Соның ішінде Бойко Давид қола жүлдегер атанды. Екі жылдан бері дайындалып келеді. Болашағынан үміт мол. Бұл турнирде бұйырғаны осы болды. Келесі де дайындықты күшейтіп жеңіс тұғырынан көрінуге тырысамыз,- дейді Фарид Сәпиев.

 

Назерке Сыйлыбаева,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz