24.02.2021, 9:07
Қараулар: 74
Ольга қола жүлдегер

Ольга қола жүлдегер

Жуырда Алматы облысы , Қаскелең қаласында киокушинкай-кан каратэден Қазақстан Республикасының кубогі сарапқа салынды.

Аталмыш байрақты бәсекеге облыс құрамасы сапында барған бәйтеректік Ольга Кротова жақсы нәтиже көрсетті.

55 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған дарияндық ару жартылай финалға дейін іркелмей жеткенімен, әрі қарай жолы болмады. Десе де бұл ол үшін жаман көрсеткіш емес. Білікті бапкер Арзу Тюлемесовтен тәлім алатын Ольга болашақта еліміздің атын шығарған атақты спортшы болуды мақсат етеді екен.

Түгелбай БИСЕН,

Бәйтерек ауданы