17.05.2021, 11:57
Қараулар: 98
Спортшы отбасылар жарысы

Спортшы отбасылар жарысы

Бәйтерек ауданы орталығындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде Халықаралық Отбасы күні мерекесіне орай «Әкем, анам және мен – спорттық отбасымыз» атты «Көңілді сөре» жарысы өтті. Қызықты шараға 5 отбасы қатысты. Бірнеше кезеңде бақ сынаған спортшы отбасылар жарысының қорытындысында.
«Белсене қатысқаны үшін» номинациясымен Дюйсенбеевтер және Фризиндер отбасы марапатталса, ІІІ орынға — Қадырғалиевтер, ІІ орынға Бермагамбетов отбасы ие болды. Ал Шишацскийлер жанұясы жарыс жеңімпазы атанды. Көңілді жарыс жеңімпазы мен жүлдегерлеріне кубоктар, түрлі дәрежедегі дипломдар және бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Түгелбай БИСЕН,

Бәйтерек ауданы