9.07.2021, 9:22
Қараулар: 19
Туристтер жеңіс тұғырында

Туристтер жеңіс тұғырында

Жуырда Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігі мен спорттық туризм республикалық федерициясы ұйымдастыруымен жаяу және вело туризмнен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Жас ұрпақ арасында туризм спортын дәріптеу, вело туризм техникасын шыңдауға септігін тигізу, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында өткен жарысқа аудандық туризм орталығының тәлімгерлері Қанағат Белгиев пен Жалғас Гумаров жетекшілік ететін Бәйтерек ауданының құрама командасы қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

Петропавл қаласында өткен жарыста Белес ауылдық округінен Ерасыл Жолдығали, Ульян ауылдық округінен Жалғас Аяп пен Эльдар Гумаров бақ сынады. Бірнеше кезеңнен тұрған бәсеке қорытындысында бәйтеректік өрендер вело және жаяу туризм сайыстарынның жалпыкомандалық бірінші орынын иеленді. Сондай-ақ жеке дистанцияда додаға түскен спортышлар алдыңғы қатарлардан көрініп, жүлделі болды. Барлық қатысушылар алғыс хаттармен марапатталып, естелік сыйлықтар табысталды.

Спортышларға, қолдау көрсеткен ата-аналар мен мектеп ұжымына туризм орталығы ерекше алғысын білдіреді.

Бұл жарыс ауданда туризм спортының жақсы деңгейге көқтерілгенін көрсетеді. Өрендер аға буын өкілдері салып кеткен сара жолды жақсы жалғастырып келеді. Болашақта халықаралы, әлемдік сындарда бағысмызды сынағымыз келеді, — дейді команда жетекшісі Қанағат Белгиев.

Аружан Аманжол,

Бәйтерек ауданы